Ғалымдар: Астың кей түрлері есірткі секілді тәуелділік тудырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мичиган университетінің зерттеушілері шоколад, пицца, картофель-фри секілді тағамдарға әуес болмауға кеңес береді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Зерртеу барысында жоғарыда аталған өңделген тағамдардың адамды есірткі секілді өзіне тәуелді ететіні анықталған және оларды тұрақты түрде тұтынатын адамдардың ми бөлігінде үлкен өзгеріс болатыны анықталған.
Әсіресе толық адамдардың осы ас түрлеріне құмарлығы байқалған, деп жазады MedDaily.