Ғалымдар: Ата-ананың балаға шамадан тыс ақша беруі өзімшілдікке алып келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка құрама штаттарының зерттеушілері көлемді қаражатқа қолы жетімді балалардың эгоист болып өсетінін анықтады. Бұл таң қаларлық жайт емес, үлкендердің санасын улауға күші жеткен ақшаның бала санасына жағымсыз әсері тіпті көбеюде, деп жазады шетелдік БАҚ.
«Ата-ананың баласына шамадан тыс ақша беруі психикалық проблемалардың негізі болған эгоизм мен нарциссизмге әкеп соғады. Ата-аналар өткен өміріндегі , балалық шағындағы көрген қиындықтары қайталанбасын деп баласына ақшаны үйіп-төгу арқылы өз балаларының болашағына балта шабуда», - дейді Калифорния институтында көлемді зерттеу жүргізген психолог мамандар.
Осындай шешімге келген бұл эксперименталды зерттеуді ғалымдар 20 жыл бойы жүргізген. Психологтар түрлі әлеуметтік деңгейдегі көптеген америкалық отбасын бақылап, ақшаны ерте таныған балалардың ешқандай жақсылыққа жетпегенін жазды. Кем дегенде бес жастан кейін баланың қолына ақша ұстату керек дейді ғалымдар.