Ғалымдар әйелдер бедеулігін емдеудің жаңа тәсілін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар жүргізген соңғы зерттеу жұмысы әйелдердің иммундық жүйесі мен бедеуліктің байланысын көрсетті, деп хабарлады Росбалт.
Мамандар әйелдердің ағзасында интерлейкин-1 (IL-1) ақуызын тапты. Оны алып тастау ұрықтанатын жұмыртқа жасушаларының санын арттыра алады.
Осылайша, мамандар әйелдер бедеулігін емдеудің жаңа әдісін тапқанына сенімді. IL-1 блокадасы емделіп жатқан әйелдердің гормондар көлемін азайтып, жұмыртқа жасушаларының санын көбейте алады.
Тышқандармен жүргізген сынақ жұмыстары оң нәтижесін берді. Енді мамандар оны адамдарда пайдалануға ниетті.