Ғалымдар: әйелдер күйзелістің салдарынан тез қартаяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күйзеліске түскен немесе күйзелістен зардап шеккен отбасы мүшелерімен бірге тұратын қыздар өзгелерге қарағанда тезірек қартаяды.

Ғалымдар: әйелдер күйзелістің салдарынан тез қартаяды

Бұл теломерлердің қысқаруына байланысты. Олар қартайған кезде қысқарады.

Теломерлер күйзеліс немесе ДНК-ны бұзатын өзге үрдістерден де қысқарады. Ғалымдар 10-14 жастағы 97 қызды зерттеуге қатыстырған. Олардың ішінде өмірдің қиындығын көріп жүргендері де бар еді.

Қатысушылардың барлығы күйзеліс тестілеуінен өтіп, өмірде болған жағдайлары туралы баяндады. Тестілеуге дейін және одан кейін кортизол - күйзеліс гормонының деңгейі тексерілді. Күйзелістің жоғары қаупі бар 12 жастағы қыздарда теломерлердің шамадан артық қысқарғаны байқалған. Теломерлердің қысқаруы күйзеліске әкелетін көрінеді, деп жазды MedDaily.