Ғалымдар: Әйелдердің есте сақтау қабілеті ер адамдарға қарағанда жоғары

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық ғалымдар әйелдер мен ер адамдардың зияткерлік мүмкіндіктерінің айырмашылығын зерделеу мақсатында зерттеу жүргізген.

Ғалымдар: Әйелдердің есте сақтау қабілеті ер адамдарға қарағанда жоғары

Зерттеу ер адамдар математика ғылымдарына қабілеттіліктерінің барынша мол екенін көрсетсе, әйелдердің есте сақтау қабілеттері ер адамдарға қарағанда жоғары болып шықты.

Ғалымдар ер адамдар көбіне алған білімдерінің сапасына қарай табысқа жетеді деп санайды, деп хабарлады Myjane.

Ерлер мен әйелдердің сөздік қорының толыққандылығына келсек, бұл жағынан алынған деректер шамамен бірдей болған.