Ғалымдар: Әйелдерге босанғаннан кейін жұмысқа шығуға асығудың қажеті жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көптеген жас аналар босанғаннан төрт айдан кейін де шамадан тыс шаршайды. Сол себепті Квинсленд технологиялық университетінің австралиялық сарапшылары жас аналарға жұмысқы шығуға асығудың қажеті жоқ дейді.
Мамандар 33 дені сау әйелдің ұйқысын зерттеді. Олар босанғаннан кейін 18 аптадан соң да түнгі ұйқыларының тұрақтылығына қарамастан, өздерінің қатты шаршап жүргендерін айтқан.
Жас аналар, орта есеппен алғанда, түніне екі рет оянады, ал жалпы ұйқысының уақыты 7 сағат 20 минутты құрайды. Мамандар бұл жерде маңыздысы ұйқының ұзақтығы емес, оның сапасы, деп хабарлады Healthvesti.