Ғалымдар ажырасудың негізгі себептерін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдердің ажырасуға өтініш беру себебі анықталды. Жұбайларының өзін өзгертпеуге тырыспауы және қарым-қатынасты сақтап қалуға құлшыныс білдірмеуі салдары көпшілік жағдайда ажырасуға алып келеді. Әйелдер бірге өмір сүрген жылдар ішіндегі қарым-қатынас қиыншылықтарына төтеп бере алмайды. Олар ер адамдарға қарағанда екі есе көп ажырасуға өтініш береді. Мичиган университетінің зерттеушілері осындай қорытындыға келді, деп жазды Daily Mail.
None
None

Аталған университет ғалымдары 16 жыл бойы 355 ерлі-зайыптыны зерттеген. Әр қайсысынан жылдар бойы сұхбат алып отырған.

Әйелдердің ерлерге қарағанда шағымдары көп болған. Кейбір жұптарда ерлер қарым-қатынасқа көңілі толмайтыны туралы мүлдем ауыз ашпаған, ал олардың әйелдері керсінше көбірек кейіс білдірген.

Ғалымдар байқағандай, 16 жылдың ішінде зерттеуге қатысқан жұптардың 40 проценті ажырасқан.  

Соңғы жаңалықтар