Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ғалымдар азық-түлікті дұрыс жібіту жолдарын айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар азық-түліктің дәмдік қасиеттерін сақтай отырып, қалай жібіту керектігін айтып берді, деп хабарлады информинг.ру.

Ғалымдар азық-түлікті дұрыс жібіту жолдарын айтып берді

Тоңазытылған азық-түлікті дәмдірек және пайдалырақ ету үшін салқын суда жібіту қажет.

Гётеборгтағы Техникалық зерттеу институты мамандары ерекше эксперимент жасады, олар азық-түлікті суда және ашық ауада жібітіп көрді.

Нәтижесінде, су өте жақсы нәтиже көрсеткен.

Зерттеу жұмысы көрсеткендей, ауаға қарағанда су жылуды өте жақсы өткізеді, сәйкесінше азық-түлік жылдам жібиді және дәмдік сапасы көбірек сақталады.

Сарапшылар азық-түлікті вакуум пакетіне орап, суға салуға кеңес береді.

Тамақ өнеркәсібінде мамандар суда жылдам жібіту әдісін қолданады. Ал қарапайым тұрмыста тұрғындар  жартылай дайын өнімді басқаша жолмен ерітеді.