Ғалымдар бақыттың қарапайым құпиясын ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық ғалымдар зерттеу жүргізіп, бақыттың қарапайым құпиясын ашты. Осылайша, мамандар адам бақытының деңгейін бағалайтын анкета дайындады.
Белгілі болғандай, зерттеуге 600 ерікті қатысты. Олар сұрақтарға жауап беріп, өздерінің таланттары мен жетістіктері жайлы ақпарат берді. Мұның арқасында ғалымдар сыналғандардың бақыт деңгейін түртіп қойды.
Бұдан кейін еріктілер бір аптадай күн сайын өз жетістіктерін өз өмірлерінде пайдаланды. Тәжірибе талаптарын орындағанда адамдар бақыттырақ бола түскені хабарланды.
6 айдан кейін қатысушылар анкетаны қайта толтырды.Британиялық ғалымдардың айтуынша, өз таланттарын күнделікті пайдаланғанда өмірі жақсара түседі.
Авторлар өмірдің жақсаруына әсер ететін тағы бір әрекет - айналадағы адамдардың пікірінен бас тарту екенін атап өтті.
«Адам өз-өзіне құлақ түруі керек», - деп атап өтті ол.