Ғалымдар балаларды дұрыс тамақтануға қалай үйретуге болатынын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпаратты берудің ойын түріндегі нысаны балалардың дұрыс тамақтануын қалыптастыруға жәрдемдеседі. АҚШ ғалымдары осындай тұжырымға келді.

 Ғалымдар балаларды дұрыс тамақтануға қалай үйретуге болатынын анықтады

Тиісті зерттеу Journal of Nutrition Education & Behavior жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.

Экспеиментке 10-11 жас аралығындағы 400 бала қатысты. Олардың міндеті Squires Quest! II компьютерлік ойынның 10 деңгейінен өту болды, бұл жемістер мен көкөністерді тұтынуды ынталандыру үшін жасалды.

Нәтижесінде, қатысушылардың 79 пайызы ойында қойылған мақсатқа толықтай қол жеткізіп, жарты жыл ішінде өздерінің жеміс, көкөніске деген қатынастарын оң бағытқа өзгертті. Ғалымдар бұл тапсырманың орындалуын ата-аналарының мұқият бақылауынан ғана емес, балалардың қызығушылығының да болғанымен түсіндіреді. Олар көңіл көтеріп қана қоймай, тамақтану туралы білімдерін толықтырады.