Ғалымдар балаларды ұялы телефоннан алыс ұстауды талап етуде

МӘСКЕУ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат - Ресейдің Медицина және биофизика федералды институтының мамандары балаларды ұялы телефоннан алыс ұстауды талап етуде.
None
None
Ғалымдардың пікірінше, ұялы телефон адам миына сәулемен әсер етеді және жас балалардың ұялы телефондарды пайдалануы 8-10 жылдан кейін олардың миларында қатерлі ісіктің пайда болуына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасап. Атап айтқанда, Швецияда мамандар 8-12 жастан бастап ұялы телефон қолданатын балалар тобының денсаулықтарын қадағалаған. 21 жастарында олар ұялы телефонды 18 жастан кейін ұстағандарға қарағанда, ми ісігі 5 есе жиі дамыған адамдардың санатынан орын алған. Ғалымдардың айтуынша, ұялы телефон жұмыс істегенде, оның сәулесі адамның миын бірнеше градусқа қыздырып, ақырында жоғарыда айтқан ауыр салдарға соқтырады екен. Ал балалардың миы, ересектерге қарағанда, сәулелерді тез қабылдайды. Мамандар ұялы телефонмен сөйлесу уақытын мүмкіндігінше қысқартуға және әңгімелескен кезде, телефон трубкасын барынша алшақтау ұстауға кеңес береді.
Соңғы жаңалықтар