Ғалымдар белгісіз болып келген 30 мың су асты тауларын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Скриппс Океанография институтының зерттеушілері Әлемдік мұхиттың түбінде белгісіз тауларды анықтады. Олардың биіктігі бір жарым шақырымнан асады, деп хабарлады Росбалт.

Ғалымдар белгісіз болып келген 30 мың су асты тауларын анықтады

Табылған 30 мың таудың шамамен 5 мыңының биіктігі екі шақырымнан асады.

Зерттеу барысында ғалымдар Мексика шығанағында белгісіз тау жотасын, сонымен бірге Африка мен Оңтүстік Америка бөлінгеннен кейін қалған тау құрылымдарын тапқан.