Ғалымдар: бөтен адамдармен араласу көңіл күйге жақсы әсер етеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чикаго университетінің ғалымдары бөтен адамдармен араласу адамды бақыт сезіміне бөлейді деген тұжырымға келді. Бұл туралы американдық психологиялық қауымдастық сайтында хабарланды.
Ғалымдар танымайтын адамдармен араласу біздің өмірімізге қалай әсер ететініне эксперимент жүргізді. Олар үнемі автобустарда, пойыздарда жүретін адамдардан жандарындағы жолсеріктерімен әңгіме-дүкен құруды, әңгімелерін жарастыруға тырысуды немесе ешкіммен сөйлеспей томаға-тұйық отыруды өтінеді, деп жазады «Вокруг света».
Жанындағы танымайтын адамдармен әңгімелескен адамдар сапар көңілді өткенін, өздеріне ұнағанын айтқан, алдында олардың кейбірі әуелде ешкіммен сөйлеспеген дұрыс екеніне сенімді болған. Нәтиже керісінше болғанына өздері де таңғалған.
Сөйтіп, ғалымдар мынадай тұжырым жасады: адамдар біз ойлағаннан гөрі әлеуметшіл болып шықты. Еске түсірсек, бірнеше жыл бұрын адамдарға жүргізілген әлеуметтік сауалнамада бақытсыздықты сезіну мәселесінде ресейліктер жалғыздықты үшінші орынға қойған болатын. Бірінші орында ақшаның жетіспеуін, екінші орынға қартаю мен ауруды атаған.