07:21, 04 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Ғалымдар: бразилиялық араның уы обырға қарсы шипа
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық Polybia paulista арасынан бөлінетін удың обыр жасушаларын жоятын қабілеті бар. Бұл туралы Британиядағы Лидс университетінің ғалымдары мәлімдеді, деп жазады epochtimes.ru-ға сілтемемен 24.kz.

Олардың айтуынша, бұл жәндіктің уын обырдың кез келген түрін емдеуге қолдануға болады. Polybia paulista арасынан бөлінетін у обыр жасушаларының беткі бөлігінде пайда болатын фосфадитилэтаноламин және фосфадитилсерин майларының молекулаларына жабысып, обыр жасушасының қабығын бұзады. Салдарынан обыр жасушасы өледі.
Зерттеушілердің айтуынша, бразилиялық араның уы химиялық және радиологиялық терапиядан анағұрлым тиімді.