14:13, 14 Қараша 2013 | GMT +5
Ғалымдар демікпенің бала көтеруге қалай әсер ететінін анықтады
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Даниялық медицина қызметкерлерінің зерттеуіне қарағанда, демікпемен ауыратын әйелдерге бала көтеру үшін көбірек уақыт керек екен. Бұл туралы Би-Би-Си жазады.

Атап айтқанда, тиісті зерттеу жұмыстары барысында әйел жынысты 15 мың егіздер арасында сауалнама жүргізіліп, оның бір мыңы демікпемен ауырған көрінеді. Бұндай тұжырым жасауға осы дертке шалдыққандарды зерттеу барысы себеп болды. Белгілі болғандай, демікпесі бар әйелдердің үштен бірінде бала көтеру тұрғысында проблемалар болған екен. Сонымен қатар бұл дертті емдемегендер арасында аталған проблемалар күрделене түскен көрінеді. Ғалымдардың пайымына сенсек, аталған мәселеге аурудың ісіну эффектісі кері әсер етіп отырған іспетті.