Ғалымдар динозаврлардың жер бетінен жойылуының жаңа себебін анықтады

Ғалым палеонтологиялық фактілерді түсіндіру үшін динозаврлардың қырылу себебі туралы өз гипотезасын ұсынды. 150 млн. жылда құрлықта мекендеген 11 ірі жануар эволюциясы туралы палеонтологиялық мәліметтерді сараптаған олар алып динозаврлар Жердің тартылыс күші әлдеқайда аз болған кезде өмір сүргенін анықтады. 150 млн жылда жер тартылысы 2,079 есеге ұлғайды.
Ғалымдардың пікірінше, мұндай өзгерістерге шағын метеориттер мен ғарыш тозаңы түсуі салдарынан Жер салмағының артуы себеп болған. "Бұл үрдіс Күн жүйесі жұлдызаралық ғарыш шаңының тығыз бұлтына 150-200 млн жыл бұрын кез болуы салдарынан болуы мүмкін. Үрдіс біртіндеп, ондаған миллион жыл қатарынан жүзеге асқан. Алайда 60-100 млн жыл бұрын үдей түсіп, ауырлық күшінің өзгеруіне және алып жануарлардың қырылуына әкелді", - деді Анатолий Дроздов.