Ғалымдар: Дүкен аралау ми жұмысын жақсартады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар зерттеу барысында қарт адамдар дүкен аралаған кезде ми жұмысы жақсаратындығын аңғарды. Олардың зерттеуінше, бұл көп жағдайда өзіне қажетті заттардың тізімі болған кезде оң әсерін береді.
Зерттеуші мамандар қарт адамдар тауарды таңдау кезінде мидың қосымша бөліктері де қызмет атқаратынын байқаған. Бақылау кезінде олар мидың қызметін анықтайтын МРТ көмегіне жүгінді. Осы әдістің көмегімен олар 25 жас аралығындағы (20 адам) және 70 жас шамасындағы (22 адам) адамдардың тауар сатып алу кезіндегі ми белсенділігін зерттеді.
Тәжірибе кезінде екі топтың адамдарына түрлі тауарлар ұсынылып, олардың арасынан ең жақсысын таңдап алу керек болады. Зерттеу барысында қарттар мен жас адамдар бірдей жылдамдықпен ойлап, таңдайтыны белгілі болды. Алайда қарт адамдарда ойлану кезінде мидың басқа бөлігін - вентромелиальды префронтальді қыртысын пайдаланғаны анықталды. Мамандар осы зерттеулері адамдардың қарттық шақта есте сақтау қабілетін жақсартуға септігін тигізетіндігін айтуда, деп жазады шетелдік БАҚ.