Ғалымдар: Е дәрумені иммундық жүйеге пайдалы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Е дәруменін пайдалану адам ағзасын бактериалдық жұқпалардан қорғап, иммундық жүйенің қартаюын реттеуге көмектеседі.
None
None

Бұл туралы Тафтс Университетінің ғалымдары хабарлады.

Күнбағыс дәндері, қызанақ, манго мен киви өзге тағамдарға қарағанда Е дәруменіне бай, деп хабарлады Kedem порталы.

Әсіресе Е дәрумені қартар үшін маңызды, дейді мамандар. Өйткені қартайған кезде иммундық жүйенің қызметі әлсірейді.

Зерттеу барысында Е дәруменінің қажетті нормада болуы өкпедегі зиянды бактериялар мен қандағы ақ клеткалардың азаюымен тікелей байланысты екенін анықталды.

Соңғы жаңалықтар