Ғалымдар: Эбола ересектерге қарағанда балалар үшін әлдеқайда қауіпті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эбола ересектерге қарағанда кішкентай балалар үшін әлдеқайда қауіпті, делінген New England Journal of Medicine жариялаған зерттеуде.
Ғалымдар Эбола індетіне шалдыққан бір жастан асқан балалардың 90%-ы қаза тапқанын анықтаған. Ал ересектер арасында өлім деңгейі 65% шамасында болған, деп хабарлады BBC.
Ғалымдар бұл ерекшеліктерді ескере отыра вакцина даярлау қажет екенін айтады.
2014 жылдың басынан Эбола дерті салдарынан Сьерра-Леоне, Гвинея және Либерияда 10 мың адам көз жұмды.