Ғалымдар Эквадордан табылған бойы 2, 43 метрге жететін алып адамдардың қаңқаларын зерттеп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадор мен Перуде табылған алып адамдардың қаңқалары Германияға сараптамаға жіберілді. Ғалымдар бұл зерттеудің алып сүйектердің құпиясын ашуға көмектесетініне үміттеніп отыр, деп жазады epochtimes.ru.
Бойы 2, 43 метрге жететін алып алты адамның қаңқалары 2013 жылы табылған болатын. Ғалымдар олардың жасы шамамен 600 жылды құрайды деп есептейді. Алдын ала болжам бойынша, алыптар 1400-ші жылдардың басынан 1500-ші жылдардың ортасына дейін Амазонканың жағалауын мекендеген. Зерттеушілердің пікірінше, амазонкалық ормандар бойы өте биік адамдардың бұған дейін белгісіз нәсілін жасырған.
Адамдардың денелері жапырақтарға оралып, балшықтың қалың қабатына жерленген, бұл олардың сақталып қалуын қамтамасыз еткен. Тасқын кезінде қаңқалардың бірі су бетіне қалқып шыққан. Осы жерде қазба жұмыстарын бастаған археологтар қалған бес қаңқаны тапты.