Ғалымдар: Электрондық ойыншықтар балалардың сөйлеу қабілетін тежейді

Зерттеу кезінде Солтүстік Аризона Университетінің мамандары 10 айдан 16 айға дейінгі сәбилерді бақылады. Қатысушыларға 3 түрлі ойыншықтар беріледі: бірінші топқа электрондық (балаларға арналған ноутбуктер, ұялы телефондар), екінші топқа дәстүрлі ойыншықтар (пазлдар, кубик, приамида), сондай-ақ келесі топұа жануарлардың, геометриялық фигуралар салынған кітаптар берілді. Ата-аналар кезектесіп баланы әрқайсысымен ойнатып шыққан.
Нәтижесінде электрондық ойыншықтармен ойнағанда балалар ата-аналарының сөздерін дұрыс елемей, сөздерді аздау есте сақтайды. Ал пирамидалармен, пазлдармен ойнаған балалар керісінше көбірек сөзді ұғып отырған. Ірі суреттері бар кітаптар да оң әсер еткен.
Ғалымдар ата-аналарға баланың танымдық деңгейін кеңейтуге арналған ойыншықтар мен суретті кітаптар берген дұрыс деген кеңес айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде балалардың тұйықтығы, еске сақтау қабілетінің төмендеуі көп жағдайда электронды ойыншықтарға оның ішінде планшеттерге байланысты деп есептейді.