Ғалымдар: Емдәмдер психикалық ауытқушылыққа әкелуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйел адам диетаға қаншалықты ерте отырса, денсаулығына байланысты, соның ішінде тамақтану тәртібінің бұзылуы мен ішімдікке салыну сияқты түрлі қиындықтарға тап болуы мүмкін, деп санайды ғалымдар.

Ғалымдар: Емдәмдер психикалық ауытқушылыққа әкелуі мүмкін

Осындай қорытындыға келуге негіз болған он жылдық зерттеу жұмыстары Флорида университетінде жүргізілді. Оған 1340 адам қатысқан.

Белгілі болғандай, әйелдер қатты әлеуметтік қысымды сезінген, ол олардың арықтауына әкелген. Бұл түрлі жастағы әйелдерге қатысты. Бірнешеуі үш жылдың ішінде өз салмақтарын бақылап, диетаға отырған. Тіпті кейбіреулері тамақтың нәрлілігін 26 жастан бастап бақылауға алған. Профессор Памела Килдің сөзіне қарағанда, егер адам диеталармен ерте бастан тәжірибеге кіріссе, 10 жылдан кейін ол осы қиындықпен қайта жолығуы мүмкін, деп хабарлады Meddaily.

Шын мәнінде, тамақтану режимінің бұзылуы - әлеуметтік, психологиялық және биологиялық әрекет етудің нәтижесі. Осындай ауытқуларды дер кезінде қолға алса, алдағы уақытта тамақ, алкоголь, артық салмақ жинау мәселелерін оңай жеңуге болады. Бәрінен де физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтануға көңіл бөлу керек.

Денсаулыққа дұрыс қарауды бастауыш мектептен бастап насихаттау керек.