Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ғалымдар: Ерлерге қарағанда әйел адамның есте сақтау қабілеті жоғары

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Норвегиялық ғылым және технология университетінің ғалымдары ер адам қай жаста болмасын, әйел адамға қарағанда, ұмытшақ болатындығын растады. Зерттеушілердің еңбегі BMC Psychology ғылыми журналында жарияланды, деп жазады rosbalt.ru.

Ғалымдар: Ерлерге қарағанда әйел адамның есте сақтау қабілеті жоғары

Ерлердің әйелдерге қарағанда ұмытшақ болатындығын растау үшін ғалымдар 2006 жылдан бастап 2008 жыл аралығында 50 мың адамды тексерген. Нәтижесінде ер адамдардың кісі есімі, белгілі бір күндер, оқиғалар және басқа да ұсақ-түйектерді есінде сақтай алмайтындықтары анықталды. Сонымен, сауалнама толтырған 89,7 пайыз ер адам, 86,5 пайыз әйел адам кісі есімдерін есте сақтай алмаған, айтулы күндерді есте сақтай алмаған ер адамдар 74,9 пайыз болса, нәзік жандылар 64,7 пайыз болып шықты.

Норвегиялық сарапшылардың пікірі бойынша, ер адамдардың ұмытшақтығы қан қысымының жоғары болуынан, жүрек-қан тамырлары аурулары, гиподинамия сияқты аурулармен жиі ауыратындықтан, сондай-ақ зиянды әдет - темекі шегетіндіктен болады екен.