00:26, 07 Мамыр 2013 | GMT +5
Ғалымдар ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керісті тоқтатудың амалын тапты
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Ноттингем университетінің психологтары ерлі-зайыптылардың арасындағы ұрыс-керіске қарсы гормондық спрей ойлап тапты. Ғалымдардың айтуынша, оның құрамындағы окситоцин жанжалға жол берген жанның ашуын басып, сабасына түсіретін көрінеді.

muslim.kz сайтының жазуынша, ол үшін ұрысты бастаған адамның бетіне аталмыш спрейді бүріксеңіз, жетіп жатыр. Бір айта кетерлігі, ол ерлер мен әйелдерге әрқалай әсер етеді: әйелдер сабасына түсіп, сабырға келетін болса, ер-азаматтар елгезек тартып, әлдеқайда сезімтал болады екен. Ғалымдар спрейді жасы елуді еңсере қоймаған жиырма жұпқа қолданып, сынақтан өткізіпті.
Ғалымдар спрейді күн сайын қолдануға кеңес беріп отыр. Ол отбасындағы қатынасты жақсартып қана қоймай, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттырады.