Ғалымдар: ерте жастан оқу баланың ой-өрісінің дамытады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың айтуынша, баланың ерте жастан оқуы оның ой-өрісінің дамуына әсер етеді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Психологтар соңғы зерттеулері бойынша, баланың таным деңгейі оның қай жастан бастап оқи алғандығымен тығыз байланысты деген қорытындыға келіп отыр.
Зерттеуге 2 мың егіз бала қатыстырылды. Белгілі болғандай, олардың гені де ұқсас болып келеді. Мамандар балалардың 7,9,10,12 және 16 жасындағы зейін қабілеттілігін салыстырды.
Тәжірибе барысында анықталғандай, оқуды ерте бастаған егіздер арасында жас айырмашылығы әр түрлі болса, олардың ой-өрісінің деңгейінде де айырмашылықтар байқалған.