Ғалымдар Еуропадағы ең көне тас балтаны тапты
Жасы 900 мың жылды құрайтын көне олжаны зерттеушілердің мақаласы Nature журналында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін мамандар оларды өндіру технологияларына негіздей отырып, бұл құралдардың жасы 200 мың жыл деп бағалап келген болатын. Енді зерттеушілер палеомагнитті - қалдықты магниттелуді сараптаудың көмегімен жәдігердің жасы 760 мың және 900 мың жылдарды құрайтынын анықтады.
Зерттеушілердің айтуынша, жаңа нәтижелер қазіргі адамдардың арғы тегінің құрал-саймандарды өндіру технологиялары жайлы ұғымды айтарлықтай қайта қарауға мәжбүрлейді. Мәселе, жасы 1,4 миллион жыл болатын ең көне құрал-саймандардың бұрындары тек Африкада ғана табылып келгендігінде, ал Еуропада табылған тас балталардың жасы 500 мың жылдан аспағандығында болып отыр.
Жақында ғалымдар неандертальцтердің құрал-саймандары қазіргі адамдардың құралдарынан кем түспегенін дәлелдеді. Ол үшін мамандар сол дәуірдегі тас құралдардың дәл көшірмелерін: «табақшалары» мен «жүздерін» - өткір қырлы тастардың кесектерін жасады. Сынақ неандерталдықтар құрал-саймандары адамдардың құралдарынан кейбір өлшемдер бойынша асып түскенін көрсетті.