Ғалымдар Эйнштейнге ұқсаған робот жасап шығарды

ВАШИНГТОН. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Техастық Hanson Robotics компаниясының ғалымдары өздерінің жаңа жобаларын – атақты ғалым Альберт Эйнштейннің бет әлпетіне ұқсатылып жасалған роботты таныстырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Жаңа робот салыстырмалылық теориясы авторының даналығына ие болмаса да, сырт келбеті Эйнштейннен аумайды, деп хабарлап отыр британдық бұқаралық ақпарат құралдары. Атақты ғалымға ұқсатылып жасалған әлемдегі алғашқы робот 31 қозғалтқыш арқылы жұмыс істейді, ал оның беті адамның терісіне ұқсатылып жасалған бірегей Frubber патенттелген материалымен қапталған. Жоба авторларының айтуынша, механикалық Эйнштейн құлтемірлер мен адамдар армияларының арасындағы соғыстарды бейнелейтін фильмдерді көріп алып, роботтарды адамзатқа төнген қауіп ретінде қабылдайтын азаматтардың оларға деген теріс көзқарасын өзгертуге негізделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар