Ғалымдар: Facebook ерлерге қарағанда әйелдердің денсаулығына зиянды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Окленд Университетінің ғалымдары кезекті зерттеулері кезінде әлеуметтік желінің ер адамдарға қарағанда әйелдерге зияны көбрек екенін анықтады.

Ғалымдар: Facebook ерлерге қарағанда әйелдердің денсаулығына зиянды

Тәжірибеге 11 мың ерікті қатысты. Олардың 62 пайызы әйелдер, ал 38 пайызы ер адам болған.

Белгілі болғандай әйелдер әлеуметтік желіде, оның ішінде Facebook-та отырса басқа біреулердің өмірімен өз өмірін салыстырып, жиі күйзеліске түсетін көрінеді. Осындай белгілерді байқаған ғалымдар әлеуметтік желінің әйелдерге зияны көп деген шешімге келді.

Сондай-ақ, мамандар қыздардың басым бөлігі желіге өздерінің сәтті түскен суреттері мен Photoshop бағдарламасы арқылы «дұрысталған» суреттерін қоятынын атап өтті.