Ғалымдар ғаламшардағы ең тыныш жерді Антарктидадан тапты

АСТАНА. Қыркүйектің  4-і.  ҚазАқпарат  - Австралия мен  АҚШ астрономдарының    тобы  ғаламшардағы  ең  тыныш орынды тапты.  
None
None

  Ол жер   - Антарктиданың   шығысындағы ені  600  мильдік   жоғары  таулы  үстіртте  орналасқан. Ол жерге  жету  үшін  Цельсий   бағамы  бойынша минус 70   градусқа жететін   қақаған суықта  және   ақ қар,  көк мұздың  үстімен   2 мың мильдей жер     жүру  керек.   Ол   - желі ең баяу соғатын,    аспаны  ең  таза    және  ғаламшар бетіндегі  дыбыс деңгейі  ең  төмен   жер  және   бұған дейін онда     бірде-бір адамның аяғы баспаған, деп      жазады ИТАР-ТАСС агенттігі «Дейли телеграф»  газетіне сілтеме  жасап.

Картадағы бұл нүктенің    ғаламшардағы  ең   тыныш   жер екендігі  туралы    қорытынды     жерсеріктерден,   жердегі стансалардан  алынған мәліметтер мен  климаттық модульдеудің   негізінде   алынып отыр.

Соңғы жаңалықтар