Ғалымдар Гималай мұздықтарының еріп бара жатқанын анықтады

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Ғалымдар Гималай мұздықтарының еруі жайында жаңа мәліметтерді жариялады, ол бұған дейінгі бағалаудан басқаша болып шықты, Бұл жұмыс Nature журналында жарияланған, оның қысқаша мазмұнымен .сайтынан танысуға болады, деп хабарлады Лента.ру.

Ғалымдар Гималай мұздықтарының еріп бара жатқанын анықтады

Жаңа мәліметтер полярдағы қардың қалыңдығын зерттеуге арналған  ICESat спутнигі арқылы зерттеген. Спутник таулы жағдайда жұмыс жасауға есептелмегендіктен, оған бірқатар өзгерістер енгізуге тура келді.
 Соның нәтижесінде таудағы мүздың азайып бара жатқаны белгілі болды. Бұған дейінгі екі зерттеуде белгілі болғандай, аса қорқынышты емес. Бұған дейін кейбір зерттеушілер мұз қабаты 21 сантиметрге немесе жылына 12 гигатоннаға жұқарып бара жатыр деген  пікірлер айтқан болатын. Дегенмен  азиялық мұздықтың қайткенде де еруі байқалады. Бірақ та ол тау алабының барлық жерінде біркелкі емес. Жаңа мәліметтер Қарақорым тауларында қардың қалыңдығы бұрынғыша сақталып отырғанын көрсетті, ал Үндістанның солтүстік-батыс бетінде еруі шаңшаң. Авторлар тұтастай алғанда мұздықтың еруі орташа қалыпта болғанымен, кейбір жерлерде шапшаң еруі жергілікті тұрғындардың өміріне елеулі әсер етеді деп есептейді.

Гималай мұздықтарын зерттеудің жалпы алғанда ғаламшардағы климаттың өзгеруі тұрғысынан алғанда маңызы зор, өйткені ондағы өзгерістер Жер үстіндегі климаттық жағдайларға елеулі әсер етеді.