Ғалымдар: Иммундық жүйені жасартатын препарат жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оксфорд университетінің зерттеушілері адамның иммундық жүйесін 20 жастағы кезге дейін жасартатын препарат жасап шыққанын мәлімдеді, деп хабарлады www.vladtime.ru.

Ғалымдар: Иммундық жүйені жасартатын препарат жасалды

Мамандар бұл вакцина әсер етуі үшін оны бір рет алу қажет деп сендіреді, сол кезде организмде жасару үдерісі басталады, сондай-ақ ол тұмау және басқа да вирустық инфекцияларға қарсы тұра алады.

Бұл препарат спермидин негізінде жасалған. Бұл вакцинаның ерекшелігі - иммундық жадыны қалпына келтіреді. Британдық ғалымдар олардың препараты бірқатар қауіпті вирустық ауруларды емдеуге көмектеседі, деп санайды.