Ғалымдар ішімдікке тәуелділікті едәуір төмендететін дәрі ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдар ойлап тапқан жаңа дәрі алкогольді ішімдікке тәуелділікті едәуір төмендетеді. Бұл препарат бета-карболин қосылыстары негізінде жасалған.

Ғалымдар ішімдікке тәуелділікті едәуір төмендететін дәрі ойлап тапты

Енді барлығы ойдағыдай болса, 5-6 жылдан кейін дәрі саудаға шығарылады, деп хабарлайды 24.kz. Зерттеушілер дәрінің тиімділігін тышқандарға егу арқылы тексеріп көрген. Ал соған дейін зертханада бұл кеміргіштерге алкогольді ішімдік беріліп, олар тәуелді болып қалған. Бір қызығы, дәрі егілген тышқандарға препарат оң әсер етіп, олардың ішкіліктен айыққаны байқалған.