Ғалымдар: Иттер таныс адамдарын суретіне қарап таниды

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Иттер таныс адамдарын суретіне қарап тану қабілетіне ие.

Ғалымдар: Иттер таныс адамдарын суретіне қарап таниды

Animal Cognition ғылыми журналында жарияланған фин ғалымдарының мақаласында осындай қорытынды келтіріліп отыр.

Ғалымдар таныс немесе бейтаныс адамдардың фотосуреттерін көрсетіп, иттердің миының көрсеткішін өлшеген. Сонымен қатар ғалымдар көздерінің қозғалысын бақылаған, деп хабарлайды Газета.Ru.

Осылайша олардың миы бұрын көрген адамдардың фотосуреттеріне бірдей әрекет ететінін, ал көздері бірден тікелей фотосуреттерге қадалатыны анықталған.