Ғалымдар қандай тағамдардың пайдалырақ екенін анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ньюкасл университетінің мамандары органикалық азық-түлік тағамдарының (табиғи жолмен өндірілген) пайдалылығына қатысты дау-дамайларға нүкте қойды, деп хабарлады Meddaily.ru.
Британдық ғалымдардың қорытындысы бойынша, әдеттегі әдіспен өндірілген азық-түлікпен салыстырғанда органикалық тағамдардың құрамында антиоксиданттар мен өзге де пайдалы қосылыстар 19-69% көбірек болады екен. Сондай-ақ органикалық тағамдарда токсинды металлдар мен пестицидтер мөлшері 4 есеге кем. Алайда бұл тағамдардың кемшіліктері де бар, соның ішінде, ақуыздың аз болуы оларды пайдалануды шектейді. Осыған дейін Стэнфорд университетінің мамандары органикалық тағамдар жеткілікті пайдалы емес деген еді. Нәрлілік көрсеткіштерінен басқа, ғалымдарды жемістерде, көкөністерде, дәнді дақылдарда, ет, сүт өнімдері мен жұмыртқаларда бактериялар мен саңырауқұлақтардың болуы-болмауы қызықтырды. Мәселен, органикалық және қарапайым сүтте майдың мөлшері бірдей болған. Бірақ органиканы жақтаушылар алғашқысында омега-3 көбірек болатынын айтады. Зерттеушілер органикалық тағамдарда азоттың көбірек екенін аңғарды.