Ғалымдар қандай жұмыстың семіздікке шалдықтыратынын анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аделаида университетінің ғалымдары жұмыс сипаты мен салмақ қосу қаупі арасындағы байланысты зерттеді, деп хабарлайды segodnya.
Шығармашылық еркіндік мен арнайы дағдыларды пайдалануды қажет ететін жұмыс адамға арықтауға көмектесетіні, ал көп шешімдер шығаруды талап ететін қызмет керісінше, артық келілерді қосуға себеп болатыны анықталды.
Ғалымдар оны орта жастағы 450 австралиялық азаматтың денсаулық жағдайына бақылау жасау арқылы анықтаған.
Зерттеу қорытындылары шығармашылық еркіндікте болып және тар шеңберде мамандандырылған істермен айналысқан қызметкерлердің семіздікке бейімділігі төмен болғанын көрсетті. Ал көп шешімдер шығаруына тура келген менеджерлер күйзеліс кезінде көп тамақтанып, артық салмақ қосқан.