05:35, 03 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Ғалымдар қаннан діңгекті жасушаларды алудың жолын тапты
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кембридж университетінің ғалымдары адам қаны компоненттерінен діңгекті жасушалар алудың жолын тапты, деп хабарлады Утро.ру.

Жаңа әдіс ауру адамдарды емдеу үшін өнімді жасушалар алудың неғұрлым тиімі тәсілі, деп санайды биологтар.
Қазірде діңгекті жасушалардың көпшілігі адам терісінен жасалады. Алайда ғалымдар мұндай жасушылардың генетикалық кемшіліктері бар, сондықтан да оларды ауыстырып салу адам өміріне қауіпті деген қорытындыға келді.