Ғалымдар карьерадағы сәттілікті некемен байланыстырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сент-Луистегі Вашингтон Университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуі 5 жылға созылды. Нәтижесі Psychological Science жорналында жарияланады.
Зерттеу назарына неке қиған 5 мыңнан астам адам ілікті. Олардың жастары 19 - 89 жас арасында болды. 75 пайыз жағдайда ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істеген. Тәжірибеге қатысушылар бірнеше психологиялық тесттен өтті.
Доктор Джошуа Джексон (Joshua Jackson) мен оның көмекшісі Бриттани Соломон (Brittany Solomon) адамдардың жалпы қасиеттерін сараптады.
Зерттеу көрсеткендей, жұмысы оңға басқандардың жолдасында адалдық қасиеті жоғары болған.
Зерттеушілер адалдық қасиет күйеуінің не әйелінің жемісті жұмыс жасауына көмектесетініне көз жеткізді. Біріншіден қызметкер тұрмыстық істі жолдасына сеніммен тапсыра алады. Сонымен бірге екінші жартысының жағымды қасиеттерінан үлгі алады. Қызметкердің жары не күйеуі жағымды қасиеттерге ие болса, жұмыста күйзелген ол жанұясында қалыпқа келіп, күйзелістен арылады.