Ғалымдар: қарт адамдардың ғаламторды пайдалануы депрессияға ұшырауының алдын алады
Мұндай тұжырымды Мичигандағы Телекомуникация, ақпараттық зерттеулер және БАҚ мемлекеттік университетінің зерттеушілері жеткізіп отыр.
Олардың айтуынша, жастары ұлғайған 10 миллионнан астам американдықтар қазір депрессияға шалдыққан. Қарттардың көп бөлігі жалғыздықтан зардап шегуде. Зерттеу бүкіләлемдік желіні пайдалану қарт адамдардың депрессияға ұшырау қаупін 30 пайызға дейін төмендете алатынын көрсетті.
Интернет ондай жандарға жақын туыстарымен және достарымен араласуға және жаңа адамдармен танысуға көмектеседі. Бұл әсіресе, жалғыз қалған адамдар үшін маңызды.
Сөйте тұра, сарапшылар ғаламторды да шамамен қолдану керектігін, сонда ғана оның пайдасы зор болатындығын және адам денсаулығына кері әсерін тигізбейтіндігін еске салады, деп жазады sciteclibrary.ru.