10:30, 18 Наурыз 2014 | GMT +5
Ғалымдар қатерлі ісік дертінің көне заманда да болғанын анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық зерттеушілер қазіргі Судан елінің аумағында бұдан үш мың жыл бұрын өмір сүрген жас адамның қаңқасынан қатерлі ісіктің нышандарын анықтады, деп хабарлады Би-Би-Си порталы.
Қатерлі ісік негізінен қазіргі заманның дерті деп саналады. Ол темекі шеккеннен, бей-берекет өмір сүргеннен, қазіргі уақытқа тән әртүрлі күйзелістерден пайда болады деген пікір қалыптасқан. Сөйтсе, ол көне Мысырда да болған екен. Ғалымдар қаңқаны зерттей келе, сүйектердің кейбір жерлерінің зақымданғанын байқаған. Кейіннен олардың қатерлі ісіктің бір түрінің дамуы салдарынан пайда болғанын анықтады.
Бұл тұжырым қатерлі ісік дертінің мыңдаған жылдар бойы қалай дамып келгенін анықтауға септігін тигізері сөзсіз.