Ғалымдар: Қажырлы еңбек денсаулыққа зиян
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дания мен АҚШ ғалымдарынан құралған топ еңбекқор жандардың жиі ауыратынын анықтады. Ғалымдар Дания өндіріс кәсіпорындарының жұмысшыларының денсаулығын тексерді. Ондағы әйел-жұмысшылардың денсаулығы жылдан-жылға нашарлап баар жатқаны анықталды. Тынбай еңбек ететін ерлер арасында да дәл осындай жағдай.
Әйелдер экспорт көлемі көбірек кәсіпорындарда жұмыс істеген және онда депрессияға ұшырау оқиғасы жиі кездескен. Ауыр депрессия оқиғаларының саны 2,5% жеткен. Өндіріс көлемі 10% ұлғайғанда, онда жұмыс істейтін әйелдердің жарақат алу жағдайы 6% өскен. Жүрегі нашарлап ауруханаға түскендер көлемі 15% жоғарылаған.
Жұмыс орнында өте көп жүктеме алған ерлер денсаулығы да өте нашар. Бірақ, оларға қарағанда, әйелдердің денсаулық мәселелері қауіптірек.
Мамандар жұмыс берушілерге өндіріс көлемі артқан сайын, жұмысшылардың денсаулығына да мән беру керектігін айтуда, деп жазады шетелдік БАҚ.