ҒАЛЫМДАР: Кез келген күйзеліс ми қызметін бұзады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қысқа мерзімді күйзеліс - ұзақ мерзімді секілді ми қыртысының нейрондарын өлтіруге алып келеді, дейді ғалымдар.
Molecular Psychiatry басылымында жарияланғандай, ғалымдар егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген. Тәжірибе барысында 40 минут бойы егеуқұйрықтарға зиянсыз, бірақ сезімтал тоқ жіберу арқылы стресстік жағдай тудырған. 24 сағат өткесін мидың басты қызметі жасалынатын префронтальды қыртысы зақымданып, нейрондары өлген. Ғалымдар ми зақымдалуын екі апта өткесін де байқауға болатынын тілге тиек етті.