Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ғалымдар: Кітап оқу адам өмірін екі жылға ұзартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдардың соңғы зерттеуі кітап оқу адам өмірін ұзартатынын көрсетті.

Ғалымдар: Кітап оқу адам өмірін екі жылға ұзартады

Ғалымдар әдебиетке деген сүйіспеншілік адамның зияткерлік деңгейіне оң әсер етіп қана қоймай, оның өмірін де ұзартатынын анықтады.

Йель университетінің қызметкерлері  көп жылдық зерттеу жүргізді, нәтижесінде  көп оқитын адамдар  кітап оқымайтындарға қарағанда, орташа екі жыл артық өмір сүретінін көрсеткен.   

Экспериментке шамамен 50 жас шамасындағы 3500 адам қатысқан. Олар кітап оқуға уақыт бөлуіне қарай үш топқа бөлінді.   

12 жыл ішінде ғалымдар олардың денсаулығын бақылады. Нәтижесінде, эксперимент соңында кітапты сүйіп оқитындар арасында өлім-жітім деңгейі 23 пайызға төмен болып шықты.

Айтқандай, кітапты сүйіп оқитындар білімі де, табысы да жоғары әйелдер қауымы болып табылады.