Ғалымдар: Климат жанартаулардың белсенділігіне әсер етуі мүмкін

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Гарвард университетінің зерттеушілері GEOMAR орталығымен бірге соңғы миллион жыл ішіндегі жанартау түзілістеріне талдау жасады, деп хабарлады Росбалт.

Ғалымдар: Климат жанартаулардың белсенділігіне әсер етуі мүмкін

Зерттеу нәтижесінде жанартаулар ғана климатқа әсер етіп қоймайды, қайта керісінше температураның жоғарылауы олардың оянуына ықпал етеді деген қорытындыға келді.

Жанартаулардың атқылауы климаттың өзгерістеріне әкеп соғатынына ешкім де шүбәланбайды. Стратосфераға мыңдаған тонна күл шығаратын супержанартаулар жаһандық ауқымда климатқа ықпал етеді. Бірақ, керісінше де, болуы мүмкн.

Американдық ғалымдардың жұмысы он жылдан астам уақыт бұрын басталды және олар негізінен Орталық Америка жанартауларын зерттеуге шоғырландырылды. «Бізде басқа да дәлелдермен бірге жанартау күлдерінің ежелгі қыртыстары үлгілері бар, ол арқылы соңғы 460 мың жылдағы жанартаулар атқылауының тарихын тізбелеуге мүмкіндік алдық, - дейді жұмыс авторларының бірі. - Онда кейбір кезеңдерде жанартаулардың атқылауы басқаларға қарағанда едәуір көп болғаны байқалады».

Үлгілерден осы кездегі жанартау белсендлі қалай өзгеруін көруге болады. Ғалымдар бұл өзгерістерді климат тарихымен салыстырып қарағанда таңғаларлық сәйкестікке көз жеткізді. Жанартаулар белсенділігі температураның жоғарылауы мен мұздықтардың еруіне қарай өзгеріп отырған. Дәлірек айтсақ, күн сәулесі жарығының құбылуы ғаламшардың орбитамен қозғалу ерекшеліктерімен байланысты болып шыққан.

Ғалымдар қосымша зерттеулерін Тынық мұхит түбінен алғынған үлгілермен жүргізген. Олар 1 млн жыл бұрынғы өткенге үңілуге мүмкіндік берді - және осындай көріністі ашты. Енді осындай ықтимал әсердің себебін түсіндіру ғана қалды.

Авторлардың пікрінше, оның себебі температураның жаһандық көтерілуінде жатыр - ол құрлықтық мұздықтардың тезірек еріп, мұхит деңгейінің көтерілуіне әкеп соғып отыр. Соның нәтижесінде құрлықтардың массасы азайып, мұхит түбіндегі тақтатасқа қысым түсірген судың массасы өседі. Жер қыртысы стресс пен өзгеруге ұшырайды да жаңа «әлсіз орындар» ашылады, қысымның күшеюі арқылы жанартаулар атқылайды.