Ғалымдар: кофе бауырды цирроздан сақтайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ДДСҰ-ның зерттеуіне қарағанда жер бетіндегі өлімнің 1,3 пайызы бауыр циррозынан болады екен. Сингапур ғалымдары осы дертті азайтуға қатысты тың жаңалық тапты. Олардың айтуынша, табиғи қара кофе бауыр циррозының алдын алуға көмектеседі, деп жазады Росбалт.
Зерттеушілер бұл жаңалықты ашу үшін 15 жыл бойы жұмыс істеген. Осы аралықта олар 45-74 жас аралығындағы 63 мыңнан астамдарға бақылау жүргізді. Адамдар мамандарға өздерінің өмір салтын, тамақтану тәртібі мен хал-жағдайын айтып отырған. Айта кетерлігі, осы зерттеу кезінде жалпы қатысушылардың 24 пайызы, яғни 14 928 адам қаза тапқан. Олардың дені -бауыр циррозы дертіне шалдыққандар.
Ең батысы, қатысушылар күн сайын 2 немесе одан да көп кесе қара кофе ішкен. Сонда кофені мүлдем ішпейтін адамдарға қарағанда, оларда бауыр циррозынан болатын өлім-жітім 66 пайызға азайған. Ал жеміс-жидек шырыны мен көк шайды көп ішетін адамдарда мұндай көрсеткіш байқалмаған.
Ғалымдар кофенің бауырға тигізетін пайдасын әлі де зерттеу түсу керек деп отыр. Сондай-ақ олар кофенің бауыр циррозын тудыраны вирустық гепатитке еш әсер етпейтінін сенімді түрде мәлімдеді.