Ғалымдар: Кофе есте сақтау қабілетін арттырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бостон университетінің сарапшы мамандары кофенің адамның ақыл-есіне оң әсерін тигізетіндігін айтуда. Ғалымдардың пікірінше, қалыпты мөлшерде пайдаланылған кофеин адамның ми жасушаларын қалпына келтіріп, есте сақтау қабілетін арттырады.
None
None

Бұл үшін мамандар арнайы зерттеу жүргізген екен. Тәжірибе барысында таңертең 200 мл шамасында кофе ішкен адамдар күні бойы сергек жүріп, оларда Паркинсон ауруына шалдығу қауіпі азаятындығы анықталды.

Сонымен қатар ғалымдар таңертеңгі кофе адамның танымдық қызметіне жақсы әсер етіп, жаңа ақпараттарды есте сақтауға септігін тигізетіндігін айтуда, деп жазады rosbalt.ru.

Соңғы жаңалықтар