Ғалымдар кофеден пайдалырақ әрі сергіткіш сусындарды анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар қою кофеден кем түспейтін сергіткіш сусындардың тізімін жасады.

Ғалымдар кофеден пайдалырақ әрі сергіткіш сусындарды анықтады

Біріншіден, ол жаңа сығылған анар шырыны. Ол тек сергектік үшін қолданылмайды, сондай-ақ жүрек үшін де пайдалы деп саналады. Алайда оны су араластырып ішу керек деп ескертеді ғалымдар.

Екінші орында - жанжабіл шайы. Оның зат алмасуды жылдамдатып, қан айналымын реттейтін қасиеті бар. Жанжәбіл шаршау мен енжарлықты басады. Оның тиімділігін арттыру үшін бал қосуға болады, деп хабарлады Myjane порталы.

Бұдан кейінгі тізімде астық сабақтарынан алынған шырын тұр. Ол адамның нерв жүйесіне тамаша әсер етіп, ағзаны дәрумендер және минералдармен байытады.

Кофенің орнын ауыстыра алатын тағы бір сусын - лимон салынған шай. Ол адамды сергітіп, көңіл-күйін көтереді.

Сергітетін сусындар тізімінің соңында жасыл шай тұр. Оның құрамындағы кофеин ағзаға баяу, бірақ тиімді әсер етеді.