ҒАЛЫМДАР: Көшедегі шу адам денсаулығына кері әсер етеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көшедегі айқай-шу көптеген аурулардың дамуына алып келеді, деп есептейді Ұлыбританияның ғалымдары. Көп жағдайда адамдар жүрек-қан тамырлары аурумен немесе жүйке жүйесі дертіне шалдығуы мүмкін.
Медицина қызметкерлері шулы аудандарда тұратын адамдардың арасында сараптама жасаған, деп жазады «АН-Онлайн» порталы. Анықталғандай, ол аудандарда тұраттын адамдарда қан қысымының жоғарылау қаупі 14 пайызға ұлғаятын көрінеді.
Сондай-ақ көше шуы жүйке жүйесінің бұзылуына, күйзеліске алып келуі мүмкін.