Ғалымдар: құмырсқалардың кейбір түрлері экологияға қауіпті

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Құмырсқалардың кейбір жаулаушы түрлері барша әлем бойынша экологияға қауіпті қатер тудыруда. Бұл туралы испандық Каталониядағы Жирона университеті ғалымдарының жаңа зерттеуінде айтылған, деп жазады ВВС.

Ғалымдар: құмырсқалардың кейбір түрлері экологияға қауіпті

Ғалымдар адамдар мекен ететін кейбір өңірлерге кемелер мен ұшақтар арқылы әдейі емес әкелінген 750-ден астам құмырсқаның түрін санап шықты.

Бұлардың көбі тұтас отарлар құрып, жергілікті құмырсқалардың түрін ығыстырып шығарған.

Қазіргі кезде АҚШ-та «жынды» құмырсқа деген атауға ие болған, яғни Оңтүстік Америкадан жеткізілген осы жәндіктер проблемаға айналуда. Олар жаппай құрылғылардың ішіне еніп, электр жабдықтарды істен шығаратын көрінеді.