Ғалымдар күн көзі адамдардың мінез-құлқына әсер ететінін анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вена медицна университетінің ғалымдвары Австрияда 1970 жылдан 2010 жылға дейін өзіне қол салған 69 462 оқиғаның мәліметтерін талдап, күн сайын күн шуағында болу өз-өзіне қол салу тәуекелін төмендететінін анықтады, деп хабарлады «Аргументы.ру» сайты.

Ғалымдар күн көзі адамдардың мінез-құлқына әсер ететінін анықтады

Зерттеушілер суицидтер саны мен күннің маусымдық құбылуын есепке алды және егер 14-60 күн бұған дейін күн ашық болып тұрса, суицидтер саны азаятынын анықтады. Күн көзі шығып тұрған сағаттар саны 86 метеорологиялық стансалар ұсынған ақпараттар негізінде есептелді.

Күннің сәулесі мидың сертонинергиялық жүйесімен өзара әрекеттестікте болады және ол адамдардың көңіл-күйіне жанама болса да әсер етуі мүмкін, деп хабарлады МедДэйли The Times of India ақпаратына сілтеме жасап.