Ғалымдар күндізгі ұйқы жүрекке зақым келтіретінін анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түскі астан кейін бірнеше сағат ұйықтау адам денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. The Telegraf басылымы жазғандай, АҚШ Миннесота штаты Мэйо клиникасының зерттеушілері осындай тоқтамға келді.
Зерттеушілер өз жұмысының қорытындысымен гипертонияны зерттеу бойынша америкалық қоғамның жыл сайынғы конференциясында таныстырды.
РИА Новости жазғандай, мамандар күндіз ұйықтайтын адамдар түнге дейін ұйықтамай жүретіндерге қарағанда жоғары қан қысымынан 13-19 пайыз жиірек зардап шегетінін анықтады.
Қан қысымының көтерілуі жүрек талмасы мен инсультке әкелуі мүмкін.